Бүгін Германия мен Нидерландта әйелдер арасындағы гандболдан 2025 жылғы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы алдын ала кезең ойындарын Германияның Трир қаласында өткізеді. Біздің команда H тобына түсіп, Ангола, Норвегия және Оңтүстік Корея құрамаларымен күш сынасады.
Қазақстандықтардың алғашқы ойыны 27 қарашада Ангола құрамасына қарсы өтеді.
Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Франция алтын медаль иеленсе, Норвегия күміс, ал Дания қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Фото: ҰОК