Мәзір
Жаңалықтар

Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын аяқтады

Сабина Асқарқызы 42 қаралым
Қазақстан әйелдер командасы әлем чемпионатының командалық сынын аяқтады

​Гонконг қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатында әйелдер арасындағы командалық турнирдің плей-офф кезеңі жалғасып жатыр, деп жазады malimsports.kz. 
​Ирина Бакалдина, София Николайчук, Владислава Андреева мен Дарья Самоделкинадан құралған Қазақстан командасы 1/8 айналым жолдамасын көшбасшының бірі - Оңтүстік Кореямен (Сон Се Ра, Ян Хэнъюй, Ли Хеин, Лим Тхэ Хи) сарапқа салды. Кездесуде отандастарымыз 39:45 есебімен жол жіберіп, жүлде үшін күресті аяқтады.
Енді ертең ерлер арасындағы командалық турнирде Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов төрттігі өнер көрсетеді.
Сондай-ақ командалық жарыста қылыш бағдарламасында отандық спортшылар Карина Доспай, Айгерім Сарыбай, Қайша Жәнібек пен Анастасия Гулик бақ сынайды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар