Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Отандастарымыз командалық спринт сайысында үздік нәтиже көрсетіп, 1:28.77 уақытпен мәреге бірінші болып жетті. Бұл жарыста ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.
Күміс жүлде 1:28.94 нәтижесімен Польша құрамасына бұйырса, Канада спортшылары 1:29.25 уақыт көрсеткішімен қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында топ жарып, үш дүркін чемпион атанған болатын. Сондай-ақ ол 3000 метрде күміс жүлдеге ие болып, кіші көпсайыс қорытындысы бойынша да алтын медаль жеңіп алды.
Фото: ҰОК