Польшаның Варшава қарасында дзюдодан ересектер арасында Еуропа кубогы басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына Қазақстанның үш спортшысы көтерілді. Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Умуталиев финалда кездесіп, Тоқтар жарыс жеңімпазы атанды. Ал осы салмақта қола жүлде үшін белдесуде Асылхан Зинуллин польшалық спортшы Ксаверий Игнасякты жеңді.
Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне 27 елден 320 татами шебері қатысып жатыр. Жарыс 15 наурызға дейін жалғасады.
Фото: ҚР дзюдо федерациясы