457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақ дзюдошылары Азия кубогынан төрт жүлде иеленді

Қытайда өткен Азия кубогында ұлттық құраманың үш дзюдошысы финалға шыққан болатын.

Ханчжоуда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақстандық дзюдошылар аталмыш жарысты 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-ші орынмен аяқтады.
Ерлер құрамасынан Ермек Амангелді (-73 кг) жарысты ширек финалдан бастады. Ол алғашқы айналымда өзбекстандық Шавкат Саиткуловты жеңсе, жартылай финалда тәжікстандық Илхомиддин Жаббровтан айласын асырды. Ал финалда қытайлық Сун Цзянчжаоны жеңіп, чемпион атанды. 
Ал Табылды Бигембаев (-66 кг) ширек Қытай спортшысына жеңсе, жартылай финалда тәжікстандық Нұрәли Набиді жеңді. Ал финалда Аустралия өкілі Миддлтон Вастан айласын асыра алмады. -90 келіде белдескен Әлішер Ісламжанов алғашқы айналымда қытайлық балуанды қапы қалдырса, жартылай финала аустраиялық спортшыны сан соқтырды. Финалда аталған елдің балуанына жол беріп, күміс жүлдені місе тұтты. Ұлықбек Әбілхайыр (-66 кг) алғашқы белдесуінде өзбек дзюдошысы Мирзохид Абдурахмотовты жеңсе, жартылай финалда Аустралия өкілі Миддлтон Вастантан осал болып шықты. Ал қол жүлде үшін күресте қытай балуаны Ван Сюйден басым түсті.
Айта кетерлігі, жарысқа Азия елінен 13 команда қатысты. 

Сондай-ақ, Қазақстан дзюшылары 26 қыркүйекте Қытайда өтетін Гран При турнирінде күреседі. 

Фото: ҚР дзюдо федерациясы