Мәзір
Жаңалықтар

Қаршыға Дәуітбектің Жапониядағы жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды

Сабина Асқарқызы 109 қаралым
Қаршыға Дәуітбектің Жапониядағы жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды

Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек Сайтама қаласында (Жапония) өткен RIZIN турнирінде жекпе-жекті соңына дейін жалғастыра алмады, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Қазақпараттың жазуынша, отандасымыз бен K-1 ұйымының бұрынғы чемпионы Юта Кубо арасындағы айқас бірінші раундта тоқтатылды. Кубоның саусағы қарсыласының көзіне кіріп кеткеннен кейін Қаршыға Дәуітбек жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын жеткізді. Содан соң жапониялық файтер өз әрекеті үшін кешірім сұрады. 

32 жастағы қазақстандық жекпе-жек шеберінәі еншісінде 18 жеңіс, 3 жеңіліс бар. Ол RIZIN-де қатарынан 4 кездесуде жеңіске жетіп, жалпы ММА-да 10 айқас бойы ұтылмай келеді.

Ал Ютаның ММА-дегі көрсеткіші — 5 жеңіс, 2 жеңіліс. 38 жастағы спортшы бұған дейін кикбоксингте 61 айқас өткізіп, соның 49-ында мерейі үстем болған. 

Фото: Sports.kz

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар