Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Шымкент қаласында өткен Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл жарыс – бокстан жас таланттарды анықтап, олардың халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік беретін маңызды спорттық дода болып саналады. Турнирге Қазақстанмен қатар шетелдік спортшылар да қатысып, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.
Биылғы турнир қорытындысы бойынша ерлер арасында үздік деп танылғандар: Тілеуберді Сүлеймени (Шымкент), Гази Мухаммед (Сауд Арабиясы), Алдияр Мэлс (Алматы), Саят Ильясов (Өзбекстан), Абделазиз Омар (Сауд Арабиясы), Бахром Довуров (Өзбекстан), Нұрсұлтан Шілдебай (Алматы), Данияр Өкенов (Абай облысы), Мұқағали Махметали (Шымкент) және Ақарыс Тәжіханов (Шымкент).
Ал әйелдер арасында жеңімпаз атанғандар: Маржона Савриева (Өзбекстан), Шахина Нематова (Өзбекстан), Лаура Нышанбай (Шымкент), Тоғжан Ыстыбай (Түркістан облысы), Аида Сарибарова (Түркістан облысы) және Лиман Тастайбек (Шымкент).
Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнир — тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жас боксшылардың тәжірибе жинақтап, кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Турнир арқылы ел спортының дамуына, сондай-ақ Қазақстанның бокстағы беделін халықаралық деңгейде арттыруға зор үлес қосып отыр.
Фото: ҚР бокс федерациясы
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған