Қарағанды қаласындағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді, деп хабарлайды malimsports.kz.
ҰОК мәліметінше, жарыстың алғашқы күнінде командалық сайыстардың ширек финалдық кезеңіне жолдама алған жұптар белгілі болды.
Ұлдар арасындағы 1/4 финал:
Қарағанды облысы – Шымкент
Шығыс Қазақстан облысы – Астана
Түркістан облысы – Батыс Қазақстан облысы
Алматы – Павлодар облысы
Қыздар арасындағы 1/4 финал:
Қарағанды облысы – Астана
Шығыс Қазақстан облысы – Алматы
Қарағанды облысы-2 – Түркістан облысы
Шымкент – Павлодар облысы
Фото: ҰОК