Қарағандыда Паралимпиада және Сурдлимпиада жүлдегерлері баспаналы болды
Қарағандыда Спорт күніне орай Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ерекше құрмет көрсетілді, деп жазады malimsports.kz.
Алты спортшыға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Жаңа қоныс иелері Дастан Мұқашбеков, Даяна Федосова, Еркебұлан Қанафин, Аян Әбдіраш, Айжамол Абдикатова және Айда Мақатова атанды.
Сурдотаэквондошы Аян Әбдіраш таэквондомен 18 жылдан бері айналысып келеді. Сурдлимпиада ойындарында бірнеше мәрте үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын және екі қола медаль иеленген.
Мен таэквондоны спорттың ерекше әрі сүйікті түрі ретінде бағалаймын. Бұл спортқа мені ата-анам алып келді. Алғашқы кезден-ақ жаттығуға қызығушылығым артып, нәтижелерім де біртіндеп жақсара бастады. Жеңістерге жету үшін тынымсыз жаттықтым. Бүгінгі қолдау мен қамқорлық үшін шын жүректен алғыс айтамын. Облыс әкімдігіне және дене шынықтыру және спорт басқармасына зор ризашылығымды білдіремін, - деді Аян Әбдіраш.
Салтанатты шара барысында спорт саласының үздік өкілдеріне құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
Биыл спортта жоғары жетістіктерге жеткен азаматтармен бірге олардың жеңісіне әрдайым демеу болған ата-аналары да назардан тыс қалмай, марапатқа ие болды.
Сондай-ақ спорт ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетіліп, оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған