457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағандыда боксшы Данияр Елеусіновтің жұбайы көршілерін ұрды деген күдікке ілінді

Жәбірленушілер полицияға арыз жазған

Қарағанды қаласында танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты жанжал туындады. Қала тұрғындары Саида Елеусінованы өздеріне қол көтерді деп айыптап отыр. Алайда спортшының жұбайы бұл айыптауларды жоққа шығарып, жағдайды «тұрмыстық жанжал» деп атады.

Жәбірленушілердің бірі Әсел Жабықбаева оқиға Майқұдықтағы үйлердің бірінде болғанын айтады. Оның сөзінше, кешкі уақытта біреу есікті қатты қағып, айқайлаған.

«Есікті ашқанымызда ол өзін көршінің немересімін деп таныстырды. Бізді атасына тиісіп жүрсіңдер деп айыптай бастады. Бірден ішімнен екі рет теуіп, шашымнан ұстап алды. Сол кезде оның атасы кіріп келіп, анамның басынан ұрды», – дейді Әсел Жабықбаева.

Оқиға кезінде анасы мен қызы келген адамдарды пәтерден шығарып, подъезге итеріп жібергендерін айтады. Бірақ олардың сөзінше, жанжал мұнымен тоқтамаған – әйел пәтердің есігін теуіп, айқайын жалғастырған.

Кейін жәбірленушілер дәрігерлерге жүгінген. Дәрігерлер 60 жастағы әйелдің саусағының сіңірі үзілгенін, жеңіл ми шайқалуын және маңдайында ісік бар екенін анықтаған. Ал Әселдің беті көгерген.

Жәбірленушілер полицияға арыз жазған. Олардың айтуынша, бөлімшеге кейін боксшы Данияр Елеусіновтің өзі де келген.

Ал спортшының жұбайы Саида Елеусінова бұл айыптаулармен келіспейді. Оның айтуынша, ол тек 81 жастағы атасын қорғауға тырысқан.

«Мен үйге кіріп, өзімді спортшының әйелі ретінде таныстырған жоқпын. Біз тек дауыстап сөйлестік. Қазір олар Даниярдың атымен хайп жасағысы келеді деп ойлаймын», – деді ол.

Қарағанды облыстық полиция департаменті барлық арыздар бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жәбірленушілерге келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтағаннан кейін заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Полицияда бірнеше қылмыстық іс тергеліп жатыр.

 

«Түскен барлық өтініштер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жәбірленушілер денсаулығына келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

 

Фото: әлеуметтік желі