457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қанат Ислам Бақыт Сәрсекбаев баптайтын құрамаға боксшыларды іріктеуді бастады

Белгілі боксшы Бекзат Саттархановтың құрметіне арналған ірі халықаралық турнирде өнер көрсететін боксшылардың аяқ алысын бақылауда.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап

«Баршаңызға қайырлы таң! Мен Түркістанға келдім. Мұнда бауырымыз Бекзат Саттархановтың құрметіне арналған ірі халықаралық турнир өтіп жатыр. Қазақстанның ең мықты жастары жиналған. Құдай қаласа, осы жігіттердің арасынан ұлттық құрамаға ең үздіктерін іріктеп аламыз. Көк туымызды биікке көтеретін жастар көп болсын, ізбасарларымыз көбейе берсін! Баршаңызға амандық тілеймін!» - деді боксшы.

2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері 24 наурызда ресми түрде Қазақстан жастар құрамасының (U-19) үйлестірушісі қызметіне тағайындалды. Бұл құраманың бас бапкері Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев екені баршаға белгілі.

2026 жылдың шілде айында Қазақстанның жастар құрамасы (U-19) және 23 жасқа дейінгі (U-23) боксшылары Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Ал жаз соңында World Boxing ұйымының қолдауымен жастар арасындағы (U-19) әлем чемпионаты өтеді. Нақты мерзімі мен өтетін орны кейінірек белгілі болады.

Фото: Ашық дереккөзден