Мәзір
Жаңалықтар

«Қайрат» пен «Семей» футзал клубтары ел біріншілігін жеңіспен бастады

Сабина Асқарқызы 7 қаралым
«Қайрат» пен «Семей» футзал клубтары ел біріншілігін жеңіспен бастады

Футзалдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алматылық «Қайрат» командасы «Қарағандыны» 5:3 есебімен тізе бүктірсе, «Семей» ақтаулық «Каспийді» 6:2 есебімен айқын жеңді. Бұдан бөлек, «Атырау» «Астананы» 5:2 есебімен қапы қалдырды, ал Рудныйдың «Аят» клубы Оралдың «Бәйтерегін» 6:5 нәтижесімен ұтты.

Келесі тур ойындары 6–7 қыркүйек күндері өтеді.

Айта кетейік, өткен маусымда «Қайрат» ел біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алып, 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ 18 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңінде Италиямен күш сынасады. Қарымта матч 23 қыркүйекте Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар