457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» – «Пафос» матчының билеттері сатылымға шығарылды

Қазір «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде екі ойыннан кейін қоржынында ұпайы жоқ.

"Қайрат" футбол клубы Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші ойынды өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Алматылық клуб бұған дейін сырт алаңда португалиялық «Спортингпен» және өз алаңында испаниялық «Реал Мадридпен» ойнады. «Қайрат» енді Кипрдің «Пафос» командасымен кездеседі.

«Қайрат» – «Пафос» матчы 21 қазанда Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді. Билеттер бүгін, 13 қазанда сағат 12:30-дан бастап сатылымға шықты.

Билетті Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшалары арқылы сатып алуға болады және ережелері «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойыны кезіндегідей.

Қазір «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде екі ойыннан кейін қоржынында ұпайы жоқ. «Пафоспен» кездесуден кейін алматылықтар тағы бес ойын өткізеді.

Фото: