457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қайрат» – «Интер» матчының билеттерінің бағасы белгілі болды 

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Миланда өтетін УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билеттерін сатылымға шығарды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, билет бағасы Алматыдағы ойындарға қарағанда әлдеқайда төмен болып отыр. 

5 қараша күні әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында «Қайрат» итальяндық «Интермен» кездеседі. Қонақтар секторының билеттері қазірдің өзінде сатылымда, алайда олар қайтарылмайтын болып есептеледі.

Тапсырыс беру кезінде жанкүйерлер жеке мәліметтерін (аты-жөні, туған күні, жынысы, байланыс нөмірі, электронды пошта) көрсетуі қажет. Электронды билеттер 4 қарашаға дейін жіберіледі.

«Стадионға кіреберісте құжаттар тексеріледі, сондықтан мәліметтер толық сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар матч алдында қонақтар секторындағы жанкүйерлерге тулар таратылады», – делінген клуб хабарламасында.

Sports.kz мәліметінше, Миландағы қонақтар секторына билет бағасы — 7 мың теңге.
Салыстыру үшін: Алматыдағы «Қайраттың» өз алаңындағы матчтарына билет 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сатылған. Осылайша, Италиядағы баға әлдеқайда төмен болып отыр.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының өз алаңындағы матч билеттерін қабылдаушы команда УЕФА-мен келісе отырып белгілейді.

Бұған дейін «Қайрат» жанкүйерлер тарапынан жоғары билет бағасы үшін сынға ұшыраған болатын. Кей матчтарда кейбір көрермендер тегін кіргені немесе билеттердің компания қызметкерлеріне таратылғаны да айтылған.

Фото: "Қайрат" ФК