«Қайрат» футбол клубы әлемдік рейтингке енді
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) ресми сайтында әлемнің үздік 500 футбол клубының жаңартылған рейтингін жариялады. Аталған тізімге Қазақстан атынан жалғыз ғана клуб - алматылық «Қайрат» енген, деп хабарлайды malimsports.kz.
IFFHS рейтингінде «Қайрат» 90,75 ұпай жинап, 240-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткішпен алматылық команда бірқатар танымал еуропалық клубтарды артта қалдырды. Атап айтқанда, Францияның «Ницца» клубы 242-орынға, Испанияның «Севильясы» 252-орынға, ал Англияның «Вест Хэмі» 253-орынға жайғасты.
Рейтингтің көш басында Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы тұр. Екінші орынға мадридтік «Реал» орналасса, үздік үштікті Лондонның «Челси» командасы түйіндеді.
Айта кетейік, бұл рейтинг клубтардың 2024 жылғы 1 желтоқсан мен 2025 жылғы 30 қараша аралығындағы халықаралық және ұлттық турнирлердегі нәтижелері негізінде жасалған.
Бұған дейін алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншылары рейтингінде бірінші орынға шығып, тіпті Килиан Мбаппені де артта қалдырғаны хабарланған болатын.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған