Президент Қазақстан спортшыларының 2025 жылғы жетістігі туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтау барысында спортшылардың жетістігіне тоқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Өз сөзінде президент келесі жылдан көп жақсылық күтетіні туралы айта келе әр жетістікке жұртымыздың ерен еңбегінің арқасында жеткенімізді алға тартты.
Азаматтарымыз білім, ғылым, мәдениет салаларында биік белестерді бағындырды. Олар халқымызды рухы асқақ, зияткер ұлт ретінде танытуға зор үлес қосты. Оқушыларымыз халықаралық білім сайыстарында топ жарды. Спортшыларымыз әлемдік додаларда үздік шықты, Көк туымызды желбіретті. Биыл біз «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өттік. Еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Мемлекет мұғалімдер мен дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетті және осы саясат ұзақмерзімді стратегиялық сипатқа ие болды. Еліміздің мәдениет және ғылым қайраткерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілді. Енді, міне жылқы жылына аяқ басқалы тұрмыз. Қазақ үшін қазанаттың орны қашанда бөлек. Халқымыз «Жылқы жылы жайлы болады» деп ырымдайды. Біз келесі жылдан көп жақсылық күтеміз. Өркениетті ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Алға қойған биік мақсатымыз және нақты жоспарымыз бар, - деді президент өз құттықтауында.
Фото: Ақорда
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған