Мәзір
Жаңалықтар

Польшада қос отандасымыз шаңғымен тұғырдан секіруден жүлдеге ие болды

Сабина Асқарқызы 106 қаралым
Польшада қос отандасымыз шаңғымен тұғырдан секіруден жүлдеге ие болды

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан «Orlen Cup» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

HS-70 трамплинінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының өкілі Керейхан Қабдулла үздік нәтиже көрсетіп, барлығы 251,5 ұпай жинап, 1-орынды иеленді. Сондай-ақ Александр Филоненко 249,6 ұпаймен 3-орыннан көрінді.

Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (242,3 ұпай) бұйырды.

Айта кетейік, аталған бәсекеге бұл сында әр мемлекеттен 40-қа жуық спортшы қатысты.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар