Мәзір
Жаңалықтар

Павлодарда мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты мәресіне жетті

Сабина Асқарқызы 111 қаралым
Павлодарда мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионаты мәресіне жетті

Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ел біріншілігінде Олег Мельников пен Амира Ирматова жекелей сында чемпион атанды. Биылғы жарысқа еліміздің 11 облысынан келген үздік спортшылар қатысып, ерлер мен әйелдер арасында қысқа және еркін бағдарламаларда, сондай-ақ мұздағы би бойынша шеберліктерін көрсетті.

Ерлер арасында Шымкент қаласының өкілі Олег Мельников 200.78 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Күміс жүлде Астана қаласынан келген Диас Жиренбаевқа (195.84 ұпай) бұйырса, үшінші орынды алматылық Никита Кривошеев (191.47 ұпай) місе тұтты.

Әйелдер бәсекесінде Алматы қаласының спортшысы Амира Ирматова 145.15 ұпаймен чемпион атанды. Астаналық Зере Сарбалина (133.97 ұпай) екінші, ал Нурия Сулеймен (130.44 ұпай) үшінші орынға тұрақтады.

Мұздағы би бағдарламасында Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы үздік деп танылды.

Айта кетейік, Павлодар қаласы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатын алғаш рет қабылдап отыр.

 

 

 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар