Параллелді могулдан Қазақстан спортшылары Олимпиадада өнер көрсетті
Анастасия Городко параллельді могулдан Олимпиада ойындарының 1/4 финалға жолдама алғанымен жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Городконы алда екі дүркін Олимпиада жүлдегері - Джелин Кауфпен тартысты кездесу өткізді. Алайда Қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко параллельді могулдан 2026 жылғы Олимпиада ойындарын 1/4 финалда аяқтады.
Бұдан бөлек, Юлия Галышева параллельді могулдан 2026 жылғы Олимпиада ойындарын 1/8 финалда аяқтады. Ал Аяулым Әмренова 1/8 финалға өте алмады.
1986 жылдан бері әлем чемпионатында параллельді могул сайысы болғанымен, бұл бағдарлама түрі Милан Олимпиадасына алғаш рет қосылды. Параллелді могулдан 2025 жылғы жаһандық додада Анастасия Городко қола жүлдегер атанған еді.
Айта кететін жайт, Қазақстан құрамасының өкілі, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпада чемпионы атанды. Ол елімізге 32 жылдан бері иелебеген алтын медальға қол жеткізді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған