457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Паралимпиада-2026: Қазақстан құрамасы туралы қызықты деректер

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XIV қысқы Паралимпиаданың басталуына 2 күн қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Биылғы дүбірлі додада Қазақстан  ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы және пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғайды. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы жарыс жолына шығады.

Атап айтқанда, пара биатлон және пара шаңғы жарысынан: Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Сергей Усольцев, ал пара шаңғы жарысынан Анна Грачова, Владислав Кобаль және Нурлан Алимов сынға түседі.

Ұлттық құрама сапындағы ең жас спортшы – пара шаңғы жарысында өнер көрсететін Владислав Кобаль. Ол небәрі 17 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен мүшесі – пара шаңғы және пара биатлоннан бақ сынайтын Сергей Усольцев, оның жасы 51-де.

Құрамадағы тәжірибелі спортшылардың бірі – Александр Герлиц. Ол 2022 жылғы Бейжің Қысқы Паралимпиада ойындарының пара биатлоннан қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2018 жылғы Пхёнчхан Паралимпиадасында пара шаңғы жарысынан үздік төрттіктің қатарына енген.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ербол Хамитов – пара биатлон мен пара шаңғы жарысынан әлем чемпионаттарының жүлдегері және Әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ал 2024-2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебінде жеңіске жетіп, 31 жылдан кейін Қазақстанға Хрусталь глобусты қайта әкелді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 6-16 наурыз күндері Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

 

Фото: csp-parasport.kz