Мәзір
Жаңалықтар

Паралимпиада-2026: Александр Герлиц финалға өтті

Сабина Асқарқызы 127 қаралым
Паралимпиада-2026: Александр Герлиц финалға өтті

Италияда өтіп жатқан Милан-Кортина Паралимпиадада қазақстандық спортшы Александр Герлиц пара биатлоннан із қуу бағдарламасында финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Отандасымыз 4,5 км қашықтықтағы отырып із қуу дисциплинасының іріктеу кезеңінде 10 минут 53 секунд нәтижесін көрсетті.

Аталған дистанция бойынша финалдық кезеңде Қазақстан құрамасының спортшылары Ербол Хамитов, Юрий Березин және Сергей Усольцев те өнер көрсетеді.

Жарыстың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында Астана уақыты бойынша сағат 17:25-те көрсетіледі.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар