Мәзір
Жаңалықтар

Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Сабина Асқарқызы 88 қаралым
Пара шабандоздар Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Сауд Арабиясының Әл-Кассим аймағында өтіп жатқан шосседегі пара велоспорттан Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

26,8 шақырым қашықтықтағы В класы бойынша ерлер арасындағы тандемдік жекелей сында Кирилл Ильюкевич (стокер) пен Глеб Бруссенский (пилот) 33:04 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды. Ал Наиль Ермұханбет (стокер) пен Руслан Алиев (пилот) 34:22 уақыт көрсетіп, қола медаль еншіледі. Бірінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды (32:50).

Әйелдер арасындағы тандемдік жарыста Жұлдыз Қайнарова (стокер) мен Анжела Соловьева (пилот) 38:48 нәтижесімен топ жарып, алтын медаль иеленді. Анастасия Калаус (стокер) пен Полина Братчикова (пилот) 40:34 уақытпен екінші орын алды.

С4 класындағы жекелей сында Павел Бабенко 43:45 нәтижесімен күміс жүлдегер атанды. Ал H2 класында Берік Картбай екінші орын алып, Қазақстан тарихында handcycle санатындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдені ел қоржынына салды.

Айта кетейік, құрлық біріншілігіне 10 елден 50-ден астам спортшы қатысуда. 13 ақпанда қазақстандықтар топтық жарыста сынға түседі.

 

 

Фото: csp-parasport.kz

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар