Мәзір
Жаңалықтар

"Өзбекстан озып кетті": Ислам ойындарындағы ел спортшыларының нәтижесі қандай

Сабина Асқарқызы 162 қаралым
"Өзбекстан озып кетті": Ислам ойындарындағы ел спортшыларының нәтижесі қандай

Эр-Риядта өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында 18 қараша күні қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика және грек-рим күресі бойынша жарыс жолына шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Осы күнгі басты нәтиженің бірі грек-рим күресінен тіркелді. 87 килограмдық салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ислам Евлоев финалда әлем чемпионы, ирандық Голамреза Фарохисенжаниға қарсы күресіп, тартысты белдесудің қорытындысы бойынша күміс медаль иеленді. Бұл – ойындардағы Қазақстанның аталған спорт түрінен алған алғашқы жүлдесі.

Медальдық есеп (18 қараша):

Түркия – 130 (65 алтын, 37 күміс, 28 қола)

Өзбекстан – 79 (25 алтын, 29 күміс, 25 қола)

Иран – 59 (19 алтын, 17 күміс, 23 қола)

Мысыр – 37 (13 алтын, 10 күміс, 14 қола)

Қазақстан – 41 (11 алтын, 14 күміс, 16 қола)

19 қараша күні Қазақстан құрамасы жеңіл атлетика, әйелдер күресі, гандбол және семсерлесу жарыстарында бақ сынауды жалғастырады.

Фото: ҚР спорт комитеті 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар