457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстан мен Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

Ойын 16 қазанда Ташкенттегі «Юнусабад» спорт кешенінде өтеді. Кездесу 17:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.

Қазақстан және Өзбекстан футзал құрамалары жолдастық матч өткізеді

Өзбекстан футзал федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өтетінін хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Ойын 16 қазанда Ташкенттегі «Юнусабад» спорт кешенінде өтеді. Кездесу 17:00-де (Қазақстан уақытымен) басталады.

«Азия кубогы-2026 финалына жолдама алған Өзбекстан құрамасы осы жылы 16 қазанда Қазақстан құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл матч екі құрама үшін де күш сынасудың өзіндік сынағы болмақ», - деп жазылған Өзбекстан құрамасының мәлімдемесінде.

Еске салсақ, Қазақстан футзал құрамасы қыркүйекте Еуро-2026 турнирінің іріктеу плей-офф кезеңінде Италиядан ұтылып, 2016 жылдан бері алғаш рет құрлық біріншілігінің негізгі кезеңіне өте алмады.

Аталған матчтан кейін ұлттық құраманың негізгі ойыншылары Чингиз Есенаманов, Дуглас Жуниор және Лео Жарагуа ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын жариялаған болатын.

Фото: ҚР футбол федерациясы