Отандық жас семсершілер Азия біріншілігінде үздік нәтиже көрсетті

Семсерлесуден Үндістанда өткен кадеттер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Отандастарымыз екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді.
Сондай-ақ Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды.
Кеше Қарағандыда семсерлесуден Қазақстан кубогы аяқталған еді. Жекелей сайыста соңғы медальдар қылышпен қаруымен айқасатын спортшылар арасында сарапқа салынған еді. Ерлер арасында Қарағанды облысының өкілі Артем Саркисян жеңіске жетті. Екінші орынды алматылық Жанат Нәбиев еншілесе, қола медаль Артур Чупраков (Шымкент) пен алматылық Бексұлтан Абжалға бұйырған-тын.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі


Ең көп оқылған
