Мәзір
Жаңалықтар

Отандық тағы бір танымал спорт журналисі өмірден өтті

Сабина Асқарқызы 85 қаралым
Отандық тағы бір танымал спорт журналисі өмірден өтті

Қазақстан спорт журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Белгілі тележүргізуші, спорт жаңалықтарының дикторы Диля Ибрагимова өмірден өтті.

Оған жеті жыл бұрын «прогрессивті көпошақты лейкоэнцефалопатия» диагнозы қойылып, соңғы жылдары ауыр дертпен күресіп келген еді. Ибрагимова әлеуметтік желіде денсаулығына қатысты ашық ақпарат беріп, қоғамнан көмек сұраған болатын.

Журналист Facebook парақшасында соңғы рет:

«Өкінішке қарай, ауруым өршіп барады. Кеше ғана көлік айдап жүр едім, бүгін орнымнан тұра алмай қалдым. Жүруім қиындап кетті... Құрметті достар, тағы көмек сұраймын», – деп жазған еді.

Ол денсаулығы күрт нашарлағаннан кейін өсиет жазып қойғанын да хабарлаған болатын:

«Талмам ұстайды, басым айналады, аяқтарым бағынбайды... Бірақ мені аяудың қажеті жоқ. Ұлым үшін күресемін», – деп бөліскен еді Ибрагимова.

Диля Ибрагимованың еңбек жолы

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы:

«Таң» телеарнасында,

«Хабар» арнасында,

КТК арнасында

спорт жаңалықтарының жүргізушісі болды. Ол – елдегі спорт журналистикасының ең танымал әрі сүйікті тұлғаларының бірі еді.

Журналистің артында бір ұлы қалды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде марқұмның отбасы мен әріптестеріне көңіл айтты:

«Диля Ибрагимова – отандық спорт журналистикасының ең танымал тұлғаларының бірі. Өз кәсібіне адал, білімді маман еді. Жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады», – делінген хабарламада.

Спорт журналистикасы үлкен тұлғалардан айырылып жатыр

Соңғы жылдары Қазақстан спорт журналистикасы бірнеше белгілі қаламгерден айырылды. Олардың қатарында:

Амангелді Сейітхан

Диас Омаров

Диас Ахметшәріп

Дүрәлі Дүйсебай

Евгений Гайдамакин

сияқты журналистер бар.

Қазақ спорт журналистикасына үлкен еңбек сіңірген Диля Ибрагимованың есімі ел жадында қалары сөзсіз. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Фото: жеке мұрағат

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар