Отандық шорт-трекшілер әлемдік турда сынға түседі
9-12 қазан аралығында Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аталған жарыста 11 спортшы ел намысын қорғайды деп күтіліп отыр.
Құрама сапында Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек сынды отандық спортшылар бар.
Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде өтеді. Олардың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу квоталары бөлінеді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған