Гонконгта өтіп жатқан семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Семсер қаруымен айқасу бойынша ең үздік көрсеткішті Нұржан Әбжанов тіркеп, жарысты 22-орынмен аяқтады. ҚР ҰОК мәліметінше, өзге қазақстандық спортшылардың нәтижелері мынадай:
Берік Орынбасар – 56-орын
Нұрмұхаммед Балтабай – 61-орын
Нариман Уәлихан – 71-орын
Александр Шешин – 103-орын
Жанарбек Жанұзақов – 138-орын
Анварбек Бауыржан – 179-орын
Командалық сайыста Қазақстан құрамасы үздік ондыққа еніп, сегізінші орынға ие болды.
Фото: ҰОК