Отандық бадминтон шебері Азияның үздік ойыншысы атанды
Индонезияның Бали қаласында Badminton Asia ұйымының есеп беру конференциясы өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Конференцияда өткен маусым қорытындысы бойынша жыл сайынғы марапаттар табысталды.
Қазақстан құрамасының өкілдері де бұл марапаттарға лайық деп танылды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Асқар Орманов спортшыларды даярлау жүйесін дамытуға қосқан ұзақ жылғы үлесі мен халықаралық деңгейдегі жоғары нәтижелері үшін арнайы сыйлыққа ие болды.
Ал құраманың көшбасшысы Дмитрий Панарин Asia Olympic Project бағдарламасы аясында «Жылдың үздік ойыншысы» атағын алды. Федерация оның ірі халықаралық жарыстардағы табысты өнерін, соның ішінде Bangladesh International турниріндегі жеңісі мен Iran Future Series додасындағы нәтижелі ойындарын жоғары бағалады.
Салтанатты іс-шараға Badminton World Federation (BWF) президенті Khunying Patama Leeswadtrakul және Badminton Asia ұйымының басшысы Kim Jung Soo қатысты.
Фото: ҰОК
Ең көп оқылған