457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Orlen Cup турнирінде қазақстандық спортшылар тағы үш жүлде иеленді

К-95 трамплинінде ересектер арасында сынға түскен Сергей Ткаченко жоғары нәтиже көрсетті.

Шаңғымен тұғырдан секіруден отандастарымыз Orlen Cup турнирінде тағы үш жүлде иеленді, деп хабарлайды malimsports.kz
Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан Orlen Cup халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жатыр.
К-95 трамплинінде ересектер арасында сынға түскен Сергей Ткаченко жоғары нәтиже көрсетіп, 255,5 ұпаймен жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл бағдарламада күміс польшалық Анджей Стенкалаға (243,5 ұпай), қола Адам Нижникке (241 ұпай) бұйырды.
Ал жастар санатында да спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. 21 жасқа дейінгі атлеттер арасында Даниил Калинкин қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Артём Мешков үшінші орынға тұрақтады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы