457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нысана көздеуден ерлер құрамасы әлем чемпионатында тарихи қола жүлде алды

Жарыс барысында отандастарымыз 2 дүркін әлем чемпионы Павло Коростылёв, Максим Городинец (Украина), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Юсуф Дикечтен (Түркия) сынды мықтылардан басып озды

Нысана көздеуден Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында 25 метр қашықтықтан тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков бастаған ерлер құрамасы қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz
1 орын: Оңтүстік Корея - 1711 ұпай
2 орын: Қытай - 1700 ұпай
3 орын: Қазақстан - 1699 ұпай
Жарыс барысында отандастарымыз 2 дүркін әлем чемпионы Павло Коростылёв, Максим Городинец (Украина), Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Юсуф Дикечтен (Түркия) сынды мықтылардан басып озды
Ал жеке сайыста Никита Чирюкин 7-орынға тұрақтап, қола жүлдеге 1 ғана ұпай жетпей қалды.
Нысана көздеуден 50 метр қашықтықтан үш позицияда кіші калибрлі винтовкамен атудан командалық сайыста әйелдер құрамасы да қола жүлдегер атанған болатын.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы