Нысана көздеуден Азия чемпионатынан екі медаль түсті
Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі бірдей медаль еншіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Валерий Рахымжан 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ қазақстандық спортшылар командалық жарыста үздік үштікке еніп, қола медаль жеңіп алды. Команда құрамында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин және Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны Азия чемпионатында екі медальмен толықты.
Фото: ҰОК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған