Нысана көздеу мен стенд атудан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Германияның Зуль қаласында нысана көздеу мен стенд атудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының атынан 26 спортшы бақ сынайды. Халықаралық федерация жариялаған тізімге төмендегі мергендер енді.
Нысана көздеуден Томирис Аманова, Анастасия Григорьева, Ринат Казаченко, Дмитрий Ким, Алиса Краденова, Олег Носков, Алина Сатпаева, Малика Сейл, Даниил Смирнов, Кирилл Цуканов, Тамерлан Ердембек, Рамазан Ынтықбай, Асылым Жақияға бапкерлер үміт артып отыр.
Ал стенд атудан Асылхан Айсалбаев, Мадихан Байжанұлы, Лидия Башарова, Мария Горун, Виктор Горун, Элеонора Ибрагимова, Денис Кривенко, Милана Папчихина, Максим Почивалов, Артём Ревков, Эвелина Шек, Ангелина Сорокина, Данил Стрельцов ел намысын қорғайды.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 16-26 маусым күндері өтеді.
Фото: ҰОК
Бразилияның үздік ойыншыларының бірі әлем чемпионатына қатыса алмайды
Ең көп оқылған