Ресейлік спортшы Умар Нурмагомедов Лас-Вегаста өткен UFC 324 турнирінде бразилиялық Дейвисон Фигередодан басым түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Нурмагомедовтың пайдасына аяқталды.
Жекпе-жек алдында Фигередо жеңіл салмақ дәрежесінің талабына сай келмеген еді. Ол белгіленген салмақтан 1,1 келіге артық шықты. Соған қарамастан, кездесу өтіп, бразилиялық спортшының табысының 25 пайызы Умар Нурмагомедовқа берілетіні айтылды.
30 жастағы Умар Нурмагомедов - UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі. Бұл жеңістен кейін оның ММА-дегі көрсеткіші жақсара түсті (20 жеңіс, 1 жеңіліс).
38 жастағы Дейвисон Фигередоның еншісінде 25 жеңіс, 6 жеңіліс және 1 тең кездесу бар.
Фото: Getty Images