457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрасыл Нұрсейіт каратэден жастар лигасы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Хорватияның Пореч қаласында өтіп жатқан каратэден жастар лигасы турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Күмите бағдарламасында 52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрасыл Нұрсейіт күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастап, Косово өкілі Ануар Красничиді 10:0 есебімен айқын жеңді. Кейін Украинадан келген Кирилл Дидюкті (1:0) және испаниялық Мигель Марко Мартиді (9:1) жеңіп, плей-офф кезеңіне өтті.

Жартылай финалда Нұрасыл түркиялық Кутай Коскуннан 2:0 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Алтын медаль үшін өткен белдесуде отандасымыз Грекия өкілі Мораитис Йоаннис Адамантиоспен кездесіп, соңғы секундтарда жіберген ұпайдың салдарынан 1:4 есебімен жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұл – Нұрасыл Нұрсейіттің биылғы жастар лигасы кезеңдеріндегі үшінші жүлдесі. Ол ақпан айында БАӘ-нің Фуджайра қаласында чемпион атанса, мамырда Филиппиннің Манила қаласында өткен кезеңде қола медаль иеленген болатын.

Биылғы маусымдағы жастар лигасының төртінші кезеңі Поречте өтіп жатыр. Бұған дейінгі жарыстар Фуджайра (БАӘ), Хараре (Зимбабве) және Манилада (Филиппин) ұйымдастырылған.

Қазақстан құрамасы бұл турнирге бес спортшымен қатысып жатыр. Жалпы жарысқа 69 елден 2700-ден астам каратэші жиналған. 12-17 жас аралығындағы спортшылар 34 бағдарлама бойынша жүлделерді сарапқа салады.

 

Фото: Каратэ федерациясы