457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрәлі Махмұт таеквондодан Азиадасының финалына шықты

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрәлі Махмұт Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп жазады malimsports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Нұрәлі Қытай спортшысы Хаожань Люмен күш сынасты.
Махмұт бұл жекпе-жекте 2:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, 26 қазанда финалдық кезеңде екі қазақстандық спортшы татамиге шығады. Бұған дейін Евгений Васенкин де өз жартылай финалын жеңіспен аяқтаған болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық таеквондошы Евгений Васенкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті. Спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды. Жартылай финалда Васенкин Иордания өкілі Ахмад Альрабабахты 2:0 есебімен жеңді. Финалдық айқас 26 қазанда өтеді.

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі