Норвегиялық шаңғышы «Тур де Ски" турнирінде бесінші рет топ жарды
Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо 2025/26 маусымындағы «Тур де Ски» жарысының жалпы есебінде жеңіске жетіп, турнир тарихындағы абсолютті рекорд орнатты, деп жазады malimsports.kz.
Дәстүрлі көпкүндік жарыс Италияда өтті. Сайыс бағдарламасының соңғы кезеңі - 10 шақырымдық қашықтыққа еркін стильде тауға масс-старт болды.
Шешуші жарыста Клебо 12-орынмен мәреге жетіп, жеңімпаз атанған отандасы Маттис Стенсхагеннен 58,9 секундқа қалып қойды. Соған қарамастан, бұл нәтиже оған жалпы есептегі көшбасшылықты сақтап қалуға жеткілікті болды.
Осылайша, 29 жастағы Йоханнес Клебо «Тур де Скиді» бесінші рет ұтып алып, ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар тарихында ең көп жеңіске жеткен спортшы атанды. Бұған дейін бұл көрсеткішке төрт реттен швейцариялық Дарио Колонья, норвегиялық Тереза Йохауг және польшалық Юстина Ковальчик жеткен еді.
Жалпы есепте Маттис Стенсхаген екінші орынды иеленсе, үздік үштікті тағы бір норвегиялық шаңғышы Харальд Амундсен түйіндеді. Қазақстандық спортшылар 2025/26 маусымындағы «Тур де Ски» жарысына қатысқан жоқ.
Фото: Getty Images
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған