Норвегиялық шабандоз ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында қаза тапты
Норвегиялық ат спортының өкілі Кари Метте Стенеруд ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Норвегияның ат спорты федерациясы хабарлады, деп жазады malimsports.kz.
37 жастағы спортшы Старум қаласында өткен үшсайыс (eventing) жаттығуы барысында кедергіден өту кезінде аттан құлап кеткен. Оқиға орнында дәрігерлер жедел түрде реанимациялық көмек көрсеткенімен, спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Норвегияның ат спорты федерациясы бұл елдегі ұйымдастырылған ат спорты жарыстары тарихында адам өлімімен аяқталған алғашқы қайғылы оқиға екенін мәлімдеді. Федерация болған жағдайдың барлық мән-жайын мұқият тексеріп, алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданатынын айтты. Ал оқиға кезінде атқа ешқандай зақым келмеген.
Кари Метте Стенеруд Skedsmo Rideklubb клубының намысын қорғаған тәжірибелі шабандоз болды. Ол көптеген жылдар бойы ат спортымен айналысып, конкур және ат спортының үшсайысы бойынша жарыстарда өнер көрсеткен.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған