Мәзір
Жаңалықтар

Нодира Ахмедова Қатар турнирінің жеңімпазы атанды

Сабина Асқарқызы 126 қаралым
Нодира Ахмедова Қатар турнирінің жеңімпазы атанды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшысы Нодира Ахмедова Дохада (Қатар) өткен ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Нодира 53 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Финалда қазақстандық спортшы Леня Камкасумфоны айқын басымдықпен жеңді. Айта кетейік, жуырда ғана өткен әлем чемпионатында Ахмедова қола медальға ие болған еді.

Бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Әсел Тоқтасын Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңін қола медальмен аяқтады.

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар