457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Никита Тарнакин Ислам ойындарының жеңімпазы атанды

Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық каратэші 84 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Отандасымыз ақтық сында Иордания спортшысы Мухаммед Аджафаримен кездесті. Нәтижесінде Тарнакин шешуші жекпе-жекте 8:3 есебімен жеңіске жетті.

Сонымен бірге, Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды. Жерлестеріміз 4×100 метрлік эстафетада (кешенді жүзу) екінші нәтиже көрсетті. Әділбек Мусин, Максим Сказобцов, Айбат Мырзамұратов және Глеб Коваленя қашықтықты 03:43.14 уақытта жүзіп өтті.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі