Мәзір
Жаңалықтар

Никита Тарнакин Ислам ойындарының жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 193 қаралым
Никита Тарнакин Ислам ойындарының жартылай финалына шықты

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында каратэ сайыстары басталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қазақстандық спортшы Никита Тарнакин 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда Тарнакин Алжир өкілі Мидун Фаллехті 4:3 есебімен жеңді.

Бұған дейін Алматыда жастар арасында каратэден өткен Азия чемпионатында Қазақстан командасы 24 медаль жеңіп алған болатын. 

Сонымен, біздің каратэшілер сегіз алтын, бес күміс және 11 қола жүлдеге ие болды. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар