Мәзір
Жаңалықтар

Никита Тарнакин Ислам ойындарында жеңісі туралы пікір білдірді

Сабина Асқарқызы 192 қаралым
Никита Тарнакин Ислам ойындарында жеңісі туралы пікір білдірді

Қазақстандық каратэші Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады malimsports.kz.

Отандасымыз бұл оның осы маусымдағы соңғы ірі жарысы екенін атап өтті.

"Дайындық барысында еткен еңбегімнің ақталғанына өте қуаныштымын. Ішкі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Маусымды жеңіспен аяқтағаныма дән ризамын. Бұл жыл мен үшін аяқталды. Алда қалпына келу кезеңі бар. Әлем чемпионатына іріктеуден өте алмадым. Сондықтан ұлттық құрамаға сәттілік тілеймін. Әлем чемпионатында көптеген жүлдеге қол жеткізетінімізге үміттенемін. Ислам ынтымақтастығы ойындарының медалін барша қазақ халқына, жақындарыма, отбасым мен достарыма, маған сенген әрбір жанкүйерге арнаймын", - деді спортшы.

Айта кетейік, Никита Тарнакин 84 келіге дейінгі салмақта Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар