NBA тарихындағы үздіктердің бірі Крис Пол спортпен қоштасты
Америкалық баскетболшы Крис Пол Ұлттық баскетбол қауымдастығындағы (NBA) кәсіби мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол бұл туралы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Міне, бәрі аяқталды! 21 жылдан астам уақыттан кейін баскетболмен қоштастым. Ойыншы ретіндегі мансабым тәмамдалғанымен, баскетбол менің өмірімнің ажырамас бөлігі болып қала береді. Мен NBA-да өмірімнің жартысынан көбін өткіздім, шамамен үш онжылдық. Мұны айту да біртүрлі екен», - деп жазды Пол.
Желтоқсан айының басында Лос-Анджелес Клипперс клубы ойыншымен келісімшартты бұзған. Бұл шешім Пол үшін күтпеген жағдай болған. Кейін ESPN хабарлағандай, 4 ақпанда үшжақты алмасу нәтижесінде Бруклин Нетс клубының қатысуымен ол Торонто Рэпторс құрамына ауысқан.
Ағымдағы маусымда Пол 16 матч өткізіп, орта есеппен 2,9 ұпай жинап, 3,3 нәтижелі пас берген.
Жалпы мансабында Крис Пол NBA-да 1370 ойын өткізді. Әр жылдары ол Хьюстон Рокетс, Оклахома-Сити Тандер, Финикс Санз, Голден Стэйт Уорриорз және Сан-Антонио Сперс клубтарында өнер көрсетті.
Пол - 12 мәрте NBA жұлдыздар матчына қатысқан ойыншы. Сонымен қатар, ол АҚШ құрамасы сапында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Ассист саны бойынша (12 552 нәтижелі пас) лига тарихында екінші орында тұр.
Крис Пол — NBA тарихында мансабын аяқтамай тұрып Даңқ залына енгізілген екі ойыншының бірі. Екіншісі - Леброн Джеймс.
Осылайша, заманауи баскетболдың ең үздік плеймейкерлерінің бірі саналатын Крис Пол кәсіби спорттағы жарқын кезеңін аяқтады.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған