457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нариман ҚұрбановFIG World Challenge Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Ол FIG World Challenge Cup турнирінде ат снарядындағы жаттығуда топ жарды

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов FIG World Challenge Cup турнирінде ат снарядындағы жаттығуда топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол 15.066 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян (14.800), үшінші орынды италиялық Габриэль Таргетта (14.733) иеленді.

1997 жылы дүниеге келген Құрбанов 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, ол 2023, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионы атанып, 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленген.

Нариман спорттық гимнастикаға бес жасынан әкесінің жетекшілігімен ден қойған.

Фото: спортты дамыту дирекциясы