Мәзір
Жаңалықтар

Нариман Құрбанов Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
Нариман Құрбанов Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық жарыс маусымын Германияның Котбус қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңінен бастайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

ҰОК жазуынша Биылғы алғашқы Әлем кубогының кезеңі 19-22 ақпан аралығында өтеді. Аталған жарыста Қазақстан атынан бес гимнаст өнер көрсетеді:

- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)

- Милад Карими (керме, еркін жаттығулар)

- Дмитрий Патанин (сақиналар, қоссырық, еркін жаттығулар)

- Диас Тойшыбек (қоссырық және кермедегі жаттығулар)

- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)

Турнир қарсаңында команда Котбус қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын 8 ақпанда басталып, 17 ақпанға дейін жалғасады.

Фото: 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар