Нариман Құрбанов әлем чемпионатында сынға түседі

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Джакартада (Индонезия) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, әртүрлі бағдарламада жүлде үшін алты гимнаст бақ сынайды. Олар:
- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)
- Милад Карими (кермедегі жаттығулар, еркін жаттығулар)
- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қоссырық пен шығыршықтағы жаттығулар)
- Ильяс Әзізов (еркін жаттығулар, қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Диас Тойшыбек (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар).
Айта кетейік, әлем чемпионаты 19–25 қазан аралығында өтеді. Өткен әлем біріншілігінде Милад Карими еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған еді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі


Ең көп оқылған
