Мәзір
Жаңалықтар

Нариман Курбанов әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Сабина Асқарқызы 107 қаралым
Нариман Курбанов әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті.

Курбанов осы бағдарламаның ақтық сынында 14,933 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші орын армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды - 14,966 ұпай.

Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар