Мәзір
Жаңалықтар

Надежда Морозова конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде бесінші орынға тұрақтады

Сабина Асқарқызы 117 қаралым
Надежда Морозова конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде бесінші орынға тұрақтады

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Отандасымыз 3000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Морозова 4:09,19 секундта мәреге жетіп, төртінші орынды иеленді.

Норвегиялық Рагне Виклунд 3:54,74 секунд уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлдені Нидерланд спортшысы Джой Бьюн (3:56.96) еншілесе, қола медаль канадалық Валери Мальтеға (3:59.92) бұйырды.

Айта кетейік, бұған дейін Инцелльдегі жарыста 500 метр қашықтықта қазақстандық Евгений Кошкин де төртінші орын алған болатын.

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар