Қазіргі таңда Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем Кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
1500 метр қашықтықтағы әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық спортшы Надежда Морозова 1 минут 54,98 секунд нәтижемен мәреге екінші болып жетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Бұл қашықтықта жапониялық Михо Такаги 1:54.95 нәтижесімен жеңімпаз атанса, норвегиялық Рагне Виклунд 1:55.18 көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды. Тағы бір қазақстандық спортшы Елизавета Голубева 1:56.84 нәтижесімен сегізінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдамалар әлем Кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша бөлінеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы