Надежда Морозова әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Морозова өнер көрсетті.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті мәліметінше, отандасымыз 500 метр қашықтықта үшінші нәтиже көрсетті. Кейін 3000 метрде оныншы болып мәреге жетті.
1500 метрлік жарыста Морозова алтыншы орын алып, 24 қатысушының арасынан үздік сегіздікке енді. Осы нәтижесі оған 5000 метр қашықтықта жарысты жалғастыруға мүмкіндік берді.
5000 метрде қазақстандық спортшы жетінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде ол әлем чемпионатын 160.435 ұпаймен жалпы есепте жетінші орынмен аяқтады. Айта кетейік, көпсайыс қорытындысында ең аз ұпай жинаған спортшы жеңімпаз атанады.
Жарыстың жеңімпазы – норвегиялық Рагне Виклунд (157.457 ұпай).
Екінші орынды нидерланд спортшысы Марейке Груневауд (158.086) иеленді.
Ал үздік үштікті жапониялық Михо Такаги түйіндеді.
Фото: ҰОК
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған